Бірер күннен кейін қазақ футболының аты тарихқа қайтадан жазылады. Себебі: алматылық "Қайрат" өз тарихында алғаш рет, кәрі құрлықтың басты клубтық додасының жалпы кезеңіне өтудің алдында тұр. Осыған орай, AlaDop.kz сайты "Селтик" - "Қайрат" ойыншыларының трансферлік құнын салыстырып, басты ерекшеліктерін атап өтпекші.
Футболдағы теңсіз дуэль!
UEFA Чемпиондар лигасының плей-офында қазақстандық «Қайрат» Еуропаның алып клубтарының бірі — «Селтикке» қарсы шығады. Бір қарағанда күштер тең түспейтіндей: шотландиялық клубтың трансферлік құны 130 миллион еуродан асса, алматылықтардың бағасы небәрі 10–12 миллион еуро шамасында ғана.
Бірақ футболда бәрі мүмкін!
«Селтиктің» басты жұлдыздары — жапондық Дайзен Маэда (€15 млн) мен америкалық қорғаушысы Кэмерон Картер-Викерс (€14 млн). Ал «Қайрат» сапында жас талант Дастан Сәтпаев (€1,8 млн) пен тәжірибелі Валерий Громыко (€1,2 млн) негізгі үміт артар ойыншылардың қатарында.
📅 Алғашқы матч — 20 тамыз күні Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында.
📅 Жауапты ойын — 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда.
Бұл тек футбол матчы емес — бұл Қазақстан клубы үшін тарихи мүмкіндік!
Біздің серіктес: FONBET