Жарнама
Жарнама

Футболдағы айып соққысынан соғылған ең әдемі голдар (видео)

12.03.2015, 03:17
Жарнама
Жарнама
Футбол тарихында айып соққысын орындаудан соғылған ең әдемі голдар жиынтығын көргіңіз келсе, төмендегі видеоға көз жүгіртіңіз, деп жазады "Алаш айнасы". Футболда айып соққысын орындау да – өнер. Айып соққысын екінің бірі орындай бермейді. Жаттығу жұмыстары кезінде шүмектетіп тер төгіп, айып соққысын орындауды ерінбей қайталай берген, соның арқасында техникалық шеберлігін әбден «ұштаған» футболшылар ғана орындайды. Мына бір видеоға айып соқысын орындаудан соғылған ең әдемі голдар жинақталыпты. Бәрі де өздеріңізге таныс – әйгілі футболшылар. Олардың теңбіл допты алдындағы футболшылардың төбелерінен асырып, доғаша иіп жіберетін шеберліктеріне қайран қаласың. Ал қайсыбірі теңбіл допты шыр айналдырып, бағытын өзгертіп, қақпашыларды қапы қалдырады. Айып соққысы орындалған нүктеден қарасаңыз, доп қақпадан тыс ұшып бара жатқан сияқты. Бірақ ауада шыр айнала бағытын өзгертіп, қақпа торына барып оратылады. Енді бәрін де өз көздеріңізбен тамашалаңыздар.   "Алаш айнасы" сайтынан  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров