1. Англияның «Шрюсбери Таун» футбол клубының алаңы Северн өзенінің жағасында орналасқан. Фрэд Дэвис 1986 жылы зейнетке шыққанға дейін балық аулап отырып, алаңнан ұшқан доптарды да ұстай берген. Бір маусымда ол 130 доп аулаған.
2. Голландияның «Фейенорд» командасының жанкүйері Ян ван Коок 1998/1999 жылдардағы өзінің сүйікті клубының барлық ойындарына 2 маусымдық билет алып қойған. Бірі өзіне, екіншісі өзінің иті Боға!
3. Еуро-2000 чемпионаты қарсаңында голланд полициясы үйді жалға алып, оның сыртын қызғылт сарыға бояған жанкүйерді ұстап алады. Голландия ұлттық құрамасының түсі – қызғылт сары.
4. 2000 жылы өз есімін «Манчестер Юнайтед» деп ауыстыруға бел буған болгариялық Мартин Здравковтың өтінішін сот қанағаттырмайды.
5. Англияның «Ноттингем Форест» клубының неміс жанкүйері сүйікті командасының ойындарын тамашалау үшін Дюссельдорфтан арнайы ұшып барып келеді. Әр маусым сайын ол сол үшін де 15 мың фунт стерлинг қаражатын жұмсайды. 2000 жылы дәл сол алаңда 20 мың жанкүйердің алдында сүйіктісі Хайке Аткинсонмен некесін қияды.
6. 1986 жылғы Мексикадағы Әлем чемпионатына Аргентина ұлттық құрамасының ойынын тамашалау үшін Педро Гатика есімді азамат Буэнос-Айрестен Мехикоға дейін велосипедпен шығады. Екі жердің ара қашықтығы 7300 шақырым. Өкінішке орай ойынға билет алып жатқан сәтінде оның велосипедін ұрлап, өз құрамасының ойынын тамашалай алмай қалады.
7. Алғаш әлем Кубогін француз мүсіншісі Абел Лафлер жасап шығарған. Оның биіктігі 35 сантиметр, салмағы 3,8 келі. Кубоктің іші күміспен, сырты алтынмен жалатылған, ал тіреуіші жартылайқұнды лазурит тасынан жасалған. 1950 жылы аталмыш кубок Жюль Римэ Кубогі деп аталатын болды.
8. Италияның футбол қайраткері Отторино Барасси Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында өзінің төсегінің астында өзгелер ұрлап кетпес үшін футбол сыйлығын жасырып жүрген.
9. 1970 жылы Жюль Римэ Кубогі Бразилия ұлттық құрамасына мәңгілікке тапсырылады.Өйткені бразилиялықтар әлем біріншілігін үшінші рет жеңіп алған болатын. Өкінішке орай, 1983 жылы әйгілі Кубок тоналып, кейбіреулердің айтуынша балқып кеткен. Қазір Бразилияда жүлденің көшірмесі тұр.
10. ФИФА-ның әлем Кубогінің үлгісін жасауда кубоктердің 53 түрі сарапқа салынды. Нәтижесінде итальяндық суретші Сильвио Газзанджидің жобасы таңдалып алынады. Жаңа кубоктің салмағы 4,97 келі және 17 жеңімпаз команданы жазатын орын яғни 2038 жылғы Әлем біріншілігіне дейін пайдаланылады.
11. Жаңа кубок жеңімпаз құрамаға белгілі бір уақытқа дейін беріліп, кейін қайтадан ФИФА-ның меншігіне өтеді. Оның себебі, ол таза алтыннан жасалады. Сондай-ақ салмағы 18 карат және 8 млн. фунт стерлинг тұрады.
12.Сэр Артур Конан Дойл әйгілі Шерлок Холмс әңгімелерін жазып танымал болған. Алайда 1880-жылдары АС Смит есімімен футбол ойнағанын ешкім білмесе керек. Ол ағылшынның «Портсмут» клубында қақпашы болған.
13.«So Solid Crew» поп-тобының әншісі Харви «Челсидің» жастар командасында ойнаған, ал 2003 жылы «Уимблдон» әуесқой командасына ауысады.
14.Әйгілі испан әншісі Хулио Иглесиас мадридтік «Реалдың» қақпашысы болған. 1963 жылы жол көлік апатынан кейін оның спорттық мансабы аяқталады. Ол ауруханада жатқанда медбике Хулиоға ермек болсын деп гитара ұсынады. Сөйтіп оның тағдырында музыка тарихы басталады.
15.1920 жылдары философ және жазушы Альбер Камю Алжир ұлттық құрамасының қақпасында тұрған. Өзінің бір естелігінде: «Адамгершілік пен борыш мәселесіне келгенде, мен футболға қарыздармын» деген.
16.Әнші Род Стюарт 1960 жылдары ағылшынның «Брентфорд» командасында оқушы болған. Бірақ сол күйі оқуын аяқтамайды.
17.Крикеттен Вест-Үндістан құрамасының ойыншысы сэр Вивьен Ричардс жас кезінде футбол ойнаған, тіпті Антигуа және Барбуда ұлттық құрамаларында 1974 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысқан.
18.Рим Папасы Иоанн Павел ІІ өзі туып өскен Польшаның Вадовица қаласындағы команданың қақпасын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET