Футболдағы жеңіліс немесе Ұлттық құрамадағы «Нацменьшинство»
05.05.2011, 18:28
Жарнама
Жарнама
Намыс қайдан болсын, егер Ұлттық құрамада қазақтар «Нацменьшинство» болып сорлап отырсақ.Футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу ойынын жеңілістен бастадық. Кеше Түріктер келіп 3 голын салып, 3 ұпайын алып кетті. Ауызымызды ашып біз қалдық. Баяғы жартас, бір жартас. Өзгерген ештеңе жоқ. Неге десеңіз намыс жоқ біздің футболшыларда. Намыс қайдан болсын, егер Ұлттық құрамада қазақтар «Нацменьшинство» болып сорлап отырсақ. Қазақтар көбеймей, гол да салынбайды, ұпай да алынбайды. Ол шындық! Қазақтың футболы қазаққа ғана керек.
Ойыншыларды рухтандырайын деп келген Елбасының алдында барлығымыз да масқара болдық. Масқара болмаған ұпайы түгел бір-ақ адам – ол Бернд Шторк. Ойын біткен соң екі езуі екі құлағында болып, түрік футболшыларын арқасынан қағып құттықтап жатты. Намысы бар, ұлтқа жаны ашитын адам болса, екі беті дуылдап, ойын біте салысымен қарасын көрсетпей алаңнан кетіп қалар еді. Оған болса бәрібір. Өйткені футболдан Қазақстанның Ұлттық құрамасында ұпай болмаса да, Шторктың өз ұпайы түгел. Уақытын өткізіп, ақшасын алады да, еліне тайып тұрады. Ал біздің футбол басшылары одан нәтиже талап етуге қауқарсыз.
Бас жаттықтырушыны қалай ғана сынамайсың?! Ұлттық құрамаға ойыншыларды қандай принпиппен алатыны мүлде түсініксіз. Бәрін айт та бірін айт: биылғы Чемпиондар лигасында тәуір өнер көрсеткен «Ақтөбе» командасының гол соққыш қорғаушысы әрі капитаны Самат Смақов еліміздің бас командасы сынға түскенде, біз сияқты жанкүйер болып үйінде отырды.
Осылайша жеңілістер сериясы басталды. Шторкты орнына қояр ешкім табылмаса, ол жалғаса береді.
Жан да, тән де, қан да күйіп тұр. Қандай пікір айтасыз, жанкүйер?
QazaQ.kz
Ілмектер: футбол, Ұлттық құрама