Кеше Иранның «Сепаханы» мен Сауд арабиясының «Әл Хиләл» командасы жолықты.
Бұл, турнирдің 1/8 финалдық кезеңінің матчы болатын. Ойынның бірінші таймында алаң иелері басым түскен. Ирандық команда Рамин Резаянның 37 минутта салған голынан кейін есепте алға шықты. Үзілістен кейін сауд арабиялық команданың ойыны түрлене түсті. 57 ші минутта алдымен Малком таразы басын теңестіреді. Ойын алма кезек шабуылдармен өрбіп жатты.
Кездесудің 76 минутында «Сепаханның» бір футболшысы алаңнан қуылып, қонақтар сан басымдығына ие болған еді. Бәсекенің соңына қарай күш алған сауд арабиясының командасы қатарынан екі доп соғып, жеңісті жұлып алды. Ерекше тоқталатыны, қос гол да ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда соғылды. Алдымен Александар Митрович қонақтарды алға шығарса, тағы бірер минуттан соң Абдулла Аль-Хамдан мергендік танытып, ойындағы нүктені қойды. Қортынды есеп 1:3. Командалар енді 22 ақпанда Эр рияд қаласында болады.
Біздің серіктес: FONBET