Екінші Бундеслигадағы «Кайзерслаутерн» мен «Гройтер Фюрт» матчында есеп ашқан Жан Циммер голды ерекше атап өтті. Циммер гол соққан соң, жерге отыра қалып, «Формула-1» додасында болидпен жүріп келе жатқан шабандозды көрсетті.