Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан кубогы финалынының шетелдік төрешілері белгілі

01.10.2025, 19:05

4 қазанда Қызылорда қаласындағы жаңадан ашылған «Қайсар-арена» стадионында өтетін финалдық ойынның төрешілері анықталды.

Жарнама
Жарнама

Бұл ойын Швейцариядан келген, 35 жастағы Свен Волфенсбергерге сеніп тапсырылады. Бұл маман осы маусымда жастар арасындағы Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының іріктеу кезеңінде қызмет атқарған.

Оның көмекшілері: Стефан Де Алмейда, Ерни Джонас

VAR төрешісі: Йоханнес ван Мандач

AVAR төрешісі: Арман Исмуратов

Қосалқы төреші: Даниил Горда

Финалда Қостанайдың «Тобыл» және Шымкенттің «Ордабасы» клубтары кездеседі. Матчтың басталу уақыты – 19:00.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: