Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан әуесқой лигасында қай клуб чемпион атанды?

08.10.2025, 17:04

1-8 қазан аралығында Талдықорған қаласы Балпық би ауылында өткен бірінші Қазақстан әуесқой лигасының жеңімпазы белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

268 команданың арасынан суырылып шыққан үздік 20 ұжым топтық кезең және плей-офф кезең арқылы су жаңа чемпион анықталды.

Финалдық ойында Батыс Қазақстан облысының «JelaevNAN» клубы Алматының «BKS» ұжымымен күш сынасты. Негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында 5:3 есебімен алматылықтардың бағы жанды.

«BKS» клубы топтық кезеңде «BARQY-ны» (Абай облысы) 3:1, «НДФЗ-ды» (Жамбыл облысы) 5:1, «Жилгородокты» (Атырау облысы) 2:0, «Абайды» (Қарағанды облысы) 5:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда Алматының тағы бір ұжымы DN MOTORS-ты 4:1 есебімен тас-талқан қылса, жартылай финалда Павлодар облысының «RB Arman» командасына еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 4:0.

Енді чемпион атанған «BKS» клубы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада өнер көрсету құқығы, келесі маусымда Қазақстан Кубогына қатысу, сондай-ақ еліміздің атынан халықаралық аренада UEFA Өңірлер кубогында бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: