Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Разия Нүркенова өмірден озды

18.08.2020, 20:11
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында кенеттен қайтыс болды.

Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал.

Рәзия Төлеуқызы қарағандылық «Олимп» әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдардың аралығында ойнады.

Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығы жоғары Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырды.

1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының "ЦСКА ВКС" футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады.

Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.

Ойын мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысты.

Футболдан ҚР және РФ спорт шебері.

Ресейдің үш дүркін чемпионы: 1993, 1994, 1996

Ресей кубогының иегері: 1994

Достастық кубогының иегері: 1996



Жарнама
Жарнама

Новости партнеров