Қазақстан футбол федерациясында әйелдер футболына қатысты жиын өтті. Жиында жаңа бапкерлер таныстырылды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Орынбасар Дәуренбекова тағайындалды. Осы уақытқа дейін құраманы Данияр Қайырбаев жаттықтырған. 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасын Петр Пак жаттықтыратын болды. Ол бұл қызметте украиналық маман Роман Заевты ауыстырды. Жаңа бапкер 2010-2015 жылдар аралығында «Көкше» футбол клубын жаттықтырып, бес мәрте Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне Айтпай Жамантаев тағайындалды. А. Жамантаев бұған дейін команданың аға жаттықтырушысы міндетін атқарып келген еді. Ол бұл қызметте болған болгариялық Калоян Петковты ауыстырды. Бас бапкерге отандық маман Владимир Ляпкин көмектеседі. Нұрсұлтан ОразымбетБіздің серіктес: FONBET