Жарнама
Жарнама

Футболдың бiз бiлмейтiн ережелерi

02.12.2010, 01:29
Жарнама
Жарнама
Футболдың адам санасына кiрiп-шықпайтын ережелерi де бар. Мәселен, бос қақпаға шабуылшы доп тепкен сәтте алаңға көрерменнiң бiрi жүгiрiп шығып, оны бөгеуге тырысса, бiрақ теңбiл снаряд бәрiбiр қақпа торынан табылса, мұндай жағдайда гол саналмайды. Ал егер доптың бағытына қосалқы құрамдағы жарақаттанған футболшылардың бiрi тосқауыл болуға тырысса, гол саналады. Мiне, №1 спорттың күлкiңдi келтiретiн осындай ережелерiн немiстердiң Вild басылымы терiп жазған екен. Солардың бiрқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрiп отырмыз. •Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуiп жiберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқа ойыншымен алмастыра алады. Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуiп жiберсе, оған қызыл қағаз көрсетiлмейдi. Футболшы ойынға шыға бередi. Бiрақ бұл жайт хаттамаға енгiзiледi. Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерiн алмастырып, «Жаңа қақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғаса бередi. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуiне де ескерту қағазы көрсетiледi. Бұрыштама кезiнде қорғанушы жақтың ойыншысы биiк секiру үшiн командаласының көмегiне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылық көрсеткенi үшiн айып добы белгiленедi. Гол соққан ойыншы жейдесiн шешiп, алаң жиегiндегi бөгеттен секiрiп кетсе, екi сары қағаз көрсетiлiп, бiрден ойыннан қуылады. Футболшының бутсасы шешiлiп қалып, ол әрiптесiне пас берген болса, айып добы белгiленедi. Допты ойынға ауттан қосқанда теңбiл снарядты қарсыласына әдейi лақтырса, төрешi айып добын белгiлейдi де, ойыншыны алаңнан қуады. Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбiл снарядты алаңның арғы жиегiне асырып жiберсе, доп қайта ауттан лақтырылады. •Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетiне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Ал қорғаушы ескерту қағазын алады. •Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына берген сәтте, теңбiл снаряд өз қақпасына кiрiп кетсе, гол саналмайды. Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды. Негiзгi және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнан қуылған болса, матч соңындағы пенальти кезiнде «Б» командасының бапкерi пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды. Айып добы кезiнде төрешi қолын көтерудi ұмытып кетсе, ал доп ешкiмге тимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайта орындалады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Бас бапкерге «алғыс»