Футболдың "Даңқ залына" тағы бір аяқдопшы енді

15.01.2019, 05:52
Бразилия құрамасының бұрынғы жұлдызы Роналдинью атақты «Маракана» стадионына оралды. Аладоп шебері бұл жолы атақты стадионның «Даңқ залына» өз ізін қалдырды. 38 жастағы ойыншы Пеле бастаған мықтылардың қатарына өз есімін қалдырды.

Роналдинью, Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы:

- Жасыл алаңдағы спорттық ғұмырым жетістіктерге толы болды, қазір ризашылықпен еске аламын. Футбол – менің отбасым, өмірімнің ең керемет бөлшегі. Әлемдегі ең күшті стадиондарда доп тептім. Маған көрсетілген құрметке алғысым шексіз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе!

Роналдинью 2005-ші жылы әлемнің үздік футболшысы атанды. Ол «Барселона» сапында жасындай жарқырады. ПСЖ мен «Миланда» да ерекше ойын үлгісін көрсетті. Былтыр кәсіби мансабына нүкте қойды.