Жарнама
Жарнама

Футболшы болар баланың бетін қақпа, белін бу!

03.05.2012, 21:20
Жарнама
Жарнама
Даңқты «Шалқар» командасының ізбасарлары,

облыстық біріншілікте бақ сынайды

Футболдың әлемдегі номірі бірінші  спорт екеніне ешкімнің де таласы жоқ. Англиядан бастау алып, әлемді жаулаған футболмен бүгінде жер шары тыныстап тұр. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін футбол ойыны десе бәрін тастап, теледидарға телміретіні анық. Алаңдағы жиырма екі футболшыны ала доптың артынан жүгіртіп, миллиардтаған жанкүйердің сол жиырма екінің қимыл қозғалысына бас алмай қарайтындай қандай құдіреті барын кім білсін. Бір анығы, бүгінде футболдың сұлу қимылы мен бас айналдырар комбинациясынан артық тартымды спорт бар дегенге ешкімді сендіре алмайсың, сол сияқты мұнан артық спорттың түрін адамзат ойлап табады дегенге, кімнің болса да сенімінен күдігі басымдау.

Көпшіліктен сұрау салсаңыз, ауыздарынан – Пеле, Марадонна, Рональдо, Мессидің өмір деректерін жаңылмастан айтып өтеріне дауым жоқ. Сосын барып, әлемдік деңгейдегі саясаткер, әнші, бишілерді айта жөнеледі. Себебі бұлардың барлығы, әлгі ала доптың артынан жүгіретін «еріккендердің» көлеңкесінде қалып қояды. Ал әлем тәнті болған осы спорттан, қазақ баласының ала алмай жүрген еншісі бар екені есіңе түскенде, бас бармағыңды еріксіз тістейсің. Айтар ойымыз футбол туралы ғой. Осындайда қай қайдағы еске түсетінін қайтерсіз. Саусақпен санар Қазақ футболының жетістігін былай қойғанда, ауданның, республиканың намысын Одақ көлемінде қорғаған Шалқар футбол командасының жеңісті һәм, жемісті жолын ешкім ұмыта қойған жоқ. Содан бері ширек ғасырды артқа тастаппыз, ширек ғасыр дейміз-ау, бақандай жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті. Зымыраған уақыт көші алға жылжыса да, сол жетістікті қайталар жұлдызы биік ұрпақ дүниеге келмепті әлі. Аға ұрпақ айтқан «доп ойнаған тозар, асық ойнаған азар...» дейтін пәлсәпінің маңызы жойылғаны қашшан. Бүгінгің таңда ала допты жусатып өргізер шын шебердің маңдайы жарқын, мерейі үстем екенін саналы жанның бәрі мойындаған шындық. Себеп пе, себеп олар мемлекет мерейіңізді тасытып, ел абыройын қорғап қана қоймайды, адамзат тарихы мен жанкүйер жүрегіне есімдерін мәңгі қалдырады.  Футбол туралы сөз болғанда осылай «көсіліп» алар әдетімізді қойып, әңгімені негізгі ауанына бұрсақ. Соңғы жылдары ел футболының өсіп өркендеуіне біршама тірліктер атқарылды десек те шыққан нәтиже аз. Спорт саласындағы жетістік, атқарушы органдардың қаулы, хаттамасымен байланысты десек қатты қателесеміз. Себебі, ауыл спортын көтермей ешқандай да жетістікке жетпейтініміз белгілі. Ал әлгі айтылған қаулы хаттамалар, ауыл спортына бағытталса сөз бөлек. Бұл өз кезегінде жалғыз футболға ғана емес, спорттың барлық түріне тікелей байланысты. Тауықтай тықылдап айта беретіндей, спортты көтеру сөз жүзіне емес, іс күйінде жүзеге асса қанекей. Қайбір жылы «Дала мен Қала» спорттық ойыны жүйелі түрде ұйымдастырылып келсе, соңғы жылдың бедерінде үзіліп, «жеттім қыздың» күйін кешкен болатын. Соңғы рет 2008 жылы ұйымдастырылған аталған жарыста, жергілікті Созақ ауданы футбол командасы жүлделі екінші орынға қол созған еді. Жақында сол жарыс жалғасын тауып, облыс әкімі А. Мырзахметовтың тікелей бастамасымен футболдан облыс біріншілігін өткізу  ісі қолға алынды. Биылғы жылдың ерекшелігі жарыс 21 жасқа дейінгі жастар арасында өтеді. Оңтүстік өңірдегі 14 ауданнан қатысатын  команда қара күзге дейін доп тебеді. Жарыс мәре қараша айының 3-ші жұлдызы күні аяқталады. Айналмалы жүйеде өтетін жарыс барысында командалар өз алаңында және қонақта ойнап, кестеге сәйкес барлығы 26 кездесу өткізеді. Маусым бойы жоғары деңгейде ойын көрсеткен команда ғана биік тұғырдан көрінбек. Биылғы ҚР футболдан өткен супер кубок жолындағы ел чемпионы Шахтер мен ҚР кубогының иегері Ордабасы клубының арасындағы ойын барысы оңтүстіктің команданың жеңісісімен аяқталғаны белгілі. Жеңіс тұғырын көтерілген Ордабасы футбол клубына Елбасы Н. Ә. Назарбаев кубокты тапсырған болатын. Бұл жарыстың мақсаты да, жоғары межеден көрініп жүрген Ордабасы футбол командасына ізбасарлар дайындау, аймақтағы футболдың дамуын ықпал ету, талантты спортшылардың көзін ашу.  Демек қазағы басым оңтүстік өлкеде бүкіл әлім тамсана көретін, футбол ойыны өркендей түседі деген сөз. Ендеше футбол сүйер қауымға тағы бір сый. Аталған облыс біріншілігіне Созақ ауданының құрама командасы да қатысып, өз шеберліктерінің қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Созақ спорты, Созақ футболы сонау Кеңес заманынан елімізге танымал. Даңқты Шалқар футбол командасының жеңісті сәттерін сағынғалы қай заман. Сондықтан біз де аталған жарыста бақ сынар футболшыларға сәттілік тілейміз. Сіздерге облыстық біріншілікте аудан намысын қорғар Созақ командасының құрамын таныстыра кетсек. Команда тізгінін ұстаған аға жаттықтырушы, шәкірттері Қазақстанның  маңдайалды командаларында доп теуіп жүрген, Б. Саттарханов атындағы дарынды балалар спорт мектеп интернатының футбол маманы, жерлесіміз, Кембилов Мадияр, жаттықтырушы Каримиов Данияр, команда жетекшісі Оразәлі Халықов.  Қақпа торын күзететіндер Әзірет Асанов пен Абай Сатыбалды, тас қамал қорғаушылар, Жасұлан Исабаев, Данияр Чукуев, Еркебұлан Тұрғанбаев, Ардақ Ильясов, Арқабай Абылай, Айбар Назаров, Бақыт Асанов, алаң ортасында атой салар жартылай қорғаушылар Қайсар Аймұрзаев, Мақсат Нұсқабай, Мұқан Нұрланұлы, Ерсұлтан Тұрар, Бақытжан Жанат, Медет Ниязәліұлы, Арабжан Тұраров шабуыл өтінде,   Арман Ералиев, Жанғали Маратұлы, Бекжан Өтеулиев, Ақжол Сүлейменов, Нұрсұлтан Датқаев, Өркен Абдреев есімді футболшылар өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін осы құраммен 3-10 сәуір айында Шолаққорған ауылында, 10-20 сәуір аралығында Шымкент қаласында толық командалық құраммен оқу жаттығу жиындары өткізуде. Команданы аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінен қаржыландыруда, әр ойыншыға 30 мың теңге көлемінде айлық жалақы төлеу қарастырылған. Ойыншылардың спорттық киімі, ас ауқатты да жергілікті бюджеттен бөлінген. Алдағы уақытта команданың жеке дәрігеріне шаттат беру көзделген. Команда барлық жағынан біріншілікке дайын, сәттілік жолдас болса, биіктен көріну басты мақсат. 21-ші сәуір айында жалауын көтеретін облыс біріншілігінің ашылу салтанаты Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді. Облыс біріншілігінің бет ашар ойынын Созақ командасы мен Сайрам командасы арасында өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы футбол федерациясының төрағасы А. Мырзахметов бастап береді деп күтілуде. Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдың қара домалақ балаларының жолына үмітпен қарайды жанкүйерлер! P.S Жанкүйерлер назарына: футболдан облыстық біріншілікке дайындалып, оқу жаттығу жиынында жүрген Созақ командасы мен Төле би ауданы командасы арасында жолдастық кездесу өтіп, жерлестеріміз  6:1 есебімен басым түсті.

Ерлан Райымқұлов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров