Жарнама
Жарнама

Футболшылар арасында нәсілшілдік

24.10.2011, 04:34
Жарнама
Жарнама
Футболшылар арасында нәсілшілдікке қатысты жанжалдар  жиі кездеседі.  Англияда доп теуіп жүрген  уругвайлық Луис Суарес пен  француз Патрик Эвра  өзара жаға жыртысуда. “Ливерпуль” мен “Манчестер Юнайтед” арасындағы матч соңынан манкуниандық қорғаушы  Патрик Эвра уругвайлық футболшының нәсілшілдікке жол бергенін алға тартқан. Бірақ Луис Суарес өзіне тағылған айыпты,яғни Патрис Эвраның  сөзін жоққа шығарып отыр. Осы оқиғаға қатысты өз ойын ортаға салған “Ливерпульдің” бас жаттықтырушысы Кенни Далглиш  өз шәкіртінің “сүттен ақ, судан таза ” екенін  мәлімдеді.   “Әрине екі жақтың пікірі қарама-қарсы,  бірақ біздің клуб әкімшілігі мен футболшылар толығымен  Суарестің жағында.  Аптаның басында біз арнайы ресми хат жолдағанбыз, бірақ одан бері ешқандай өзгеріс жоқ” деген Далглиш  Англия футбол қауымдастығы тарапынан нақты да әділ шешім күтетінін айтты.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров