Жарнама
Жарнама

ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ТІЛЕП АЛҒАН ЖАРАҚАТТАРЫНЫҢ ХИТШЕРУІ

02.03.2013, 19:41
Жарнама
Жарнама
960763-15765050-640-360«Ганновер» командасындағы Сабольча Хусти және «МЮ» клубындағы Робин ван Персидің «өзгеше» жарақат алғаны белгілі. Собальча пенальти орындаймын деп сіңірін тартып алса, ван Перси камераға соғылып, жарақаттанды. Назарларыңызға футболда өте сирек кездесетін, футболшылардың өзіне-өзі тілеп алған жарақаттарының 10 хит шеруін ұсынамыз 1.Дариус Васселл 2002 жылы «Астон Вилла» командасын алға сүйреп жүрген Дариус Васелл аяғының бас бармағының тырнағын жарақаттап алған болатын. Дәрігерлер Дариуске бірнеше апта ойынға шықпайтынын ескерткен. Бірақ шыдамы таусылған 22 жасар футболшы өз аяғын емедемек ниетте жарақатын асқындырып алған. Артық қылам деп тыртық қылып алған Васселл бірнеше ай бойы саптан шығып қалған болатын. 2. Сантьяго Канисарес 2002 жылы футболда аяқ жарақаттарына аз болған жоқ. Соның бірі «Валенсия» командасынының қақпасшы саниьтяго бабында болатын. Дәл сол жылы Канисаресті Испания құрамасына негізгі қақпашы ретінде шақырту алған. Бірақ жағдай ол ойлағандай болмады. Душтан шыққан Канисерес кенет қолынан иіс суын түсіріп алады және сол жерде құлап аяғын сындырып алған. Ал, Канисарес әлем біріншілігіне аяғы гипстелген күйде барды. 3. Кирк Бродфут «Рейнджерс» клубының қорғаушысы Кирк Бродфут 2009 жылы жаттығыудан кейін бос уақытында немен айналысарын білмей, микротолқынды пешке жұмыртқа пісірмекші болады. Пешке жұмыртқаны қойып, жұмыртқаның пісу барысын бақылап пешке қарам-қарсы пешке қарап отырады. Кенет жұмыртқа жарылып кетеді. Пешті ашып қараған да пештің ішіннен шыққан ыстық бу Бродфудтың бетін күйдіріп жіберген. 4. Ричард Райт Райт «Ипсвич» клубының нағыз жұлдыз болатын. 2006 жылы өмір бойғы карьерасында ыңғайсыз жарақатқа тап болад. Оған себепкер де кінәлі де Райттың өзі болатын. «Челси» клубымен болатын ойынның алдында Райт «Қақпашы аумағында жаттығуға болмайды «Разминка во вратарской площади запрещена!» деген нұсқаулыққа ұрынып, басын жарақаттап ойынға қатыса алмай қалған болатын. 5. Яри Литманен Көптеген финдық жанкүйерлердің кумирі болған аса талантты Яри үнемі жарақат алу қаупінде болған. Бірақ, бұл жолы ол кінәлі емес. «Мальмё» клубның киім ауыстыратын бөлмеге кіргенде әріптесі газдалған сусынның қақпағын ашпақ болады бірақ, бөтелке ішіндегі қысым тығынды уақытында лақтырып жібереді. Қырсыққанда тығынды Литманеннің кзіне тиеді. Нәтижесінде көз жарақатын алады және финдік ардагер футболшы бір айын футболсыз өткізген. 6. Ивано Бонетти 1996 жылы 10 ақпанда «Гримсби Таун» клубына қарсы ойында жеңілске ұшыраған қонақ команданың жаттықтыруш Горан Каус ашу үстінде киім ауыстыратын бөлмені астан кестеңін шығарады. Үстелдің үстінде құстың қанаттары қалған тәрелкені қару ретінде пайдаланады. Және ол тәрелкені қабырғаға лақтырудың орнына, Боннетиге лақтырады. Солайша Боннетидің жағын сындырады 7. Саша Бенда 2006 жылы «Аусбергтен» клубынан «Штутгерт Кикерске» екі бірдей футболшы ауысады. Бірі неміс Саша Берда және екіншісі швейцариялық Кристиано Окпала. Арада біраз уақыттан соң Саша, Окпала Берданы ұрады. 30 жасар футболшы себебін былай түсіндірді: «Ия мен оны ұрдым, себебі ол үнемі жүрген жерінде ауаны бүлдіретін. Бұл негізі «Аусбергтен» басталған болатын, сол қылығы үшін 250 евроға айып төледі» деп түсіндіреді. 8. Эвер Банега «Валенсия» командасының жартылай қорғаушысы Эвер Банега жанармай бекетінде өзінің автокөлігінің қол тежегішін іске қоспастан автокөліктен шығып кеткен. Кенет автокөлігі орнынан қозғалып, Эвер Банеганың аяғын басып кеткен болатын. Солайша жарты жыл бойы Банега өз қабілетін жаттығуға емес, автокөлігінің қыр сырын түсінуге уақытын жұмсаған. 9. Пэдди Кенни Жалпы қақпашылар ақымақтық жағдайда жарақаттануды ұнататын сияқты. 2008 жылы »Шеффилд Юнайтед» командасының қақпашысы түнгі клубта сыра ішіп , түңгі сағат 4 шамасында өзінің мектептегі жолдасымен төбелесіп қалады. Себеп оның әйелі мен мектептегі жолдасы арасындағы қарым қатынас болған. Төбелес барысында мектептегі жолдасы Кеннидің қасын тістеп алған. Содан Кеннидің қасын 12 жерден тігіс жасап, бірқасты қақпашы қорқынышты түрімен алаңға шықты. 10. Марио Гомес «Штутгарттың» 2007 жылығы жұлдызы Марио Гомес «Вольфсбургпен» болған ойында 1 тайм бойы үздіксіз шабуыл жасап, 45 минутта тізесін жарақаттап алады. Сәтсіз болған тайм және тізеден алған жарақат Гоместің жүйке жүйесіне әсер етіп, Штутгарт дәрігерлеріне ашуын көрсетеді. 21жасар футболшы алдынада тұрған дәрігерлердің қобдишасын ашуға ерік берген футболшы қолымен ұрып жібереді. Мұның соңы Гоместің қолының сынуна алып келді. Соңғы 2 ай уақтын Гомес тізесін емес, қолының сынған тұсын емдеумен өткізген.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров