"Қайсар" ФК бас бапкері Виктор Кумыков қызылордалық команданың маусым басындағы сәтсіздігі жайлы айтып берді
Танымал маман "қасқырларға" кедергісін келтірген бірнеше түйткілді мәселені алға тартқан болатын.
"Біріншіден - жалақы жарты жылға кешікті. Осының салдарынан команданың көңіл-күйі бұзылды. Екіншіден - кей ойыншыларға байланысты мәселелер туындаған: әлдекімдер виза ала алмаса, кей футболшы жарақат алды. Үміт артқан негізгі құрамның 3-4 футболшысы қатардан шығып қалды. мүмкіндік туа қалса болды ойыншылар"Қайсардан" қашып жатыр. Бұл жаққа ешкімді тарта алмайсың. Немен тартасың? Ақшамен қызықтыратын бір кездер өткен, бірақ қазір ондай жоқ. Сондықтан, біз бірінші және екінші лиганың футболшыларын алып отырмыз. Мұнда әзірше тек сондай ойыншылар келуде",- деді. В. Кумыков.
Айта кетейік, "Қайсар" ҚПЛ-дің сегіз турынан кейін 6 ұпаймен 12-сатыға жайғасқан. Өткен турда қызылордалық клуб "Астанамен" ұпай бөлісті (1:1).
Біздің серіктес: FONBET