Жарнама
Жарнама

Футзалдан ел командасы жолдастық кездесуде өзбек спортшыларын тізе бүктірді

Ташкентте өткен кездесуде Кака шәкірттері өз қарсыласына 5 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен болған бірінші жолдастық кездесудің қарымтасын қайтарды (2:1). Бүгін біздің жігіттер жергілікті құраманы 2:5 есебімен сенімді жеңе білді. Матч барысында командамыздың сапынан Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов дубль, Біржан Оразов пен Ақжол Дәрібай гол авторлары атанды. 

Айта кетейік, “Юнусобод” спорт-кешенінде өткен қызық ойын екіжақты келісім бойынша жабық форматта өтті. Сол себепті жанкүйерлер Өзбекстан - Қазақстан арасындағы кезекті матчты тікелей эфирден көре алмады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: