Футзалдан Қазақстан құрамасы Қырғызстанды әрең жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Жолдастық кездесу

Қазақстан 3:2 Қырғызстан 

Голдар: Есенаманов 11, Валиуллин 39, Кенжеғали 40 – Кубанычов 2, 23.

Қазақстан: Серіков - Есенаманов (к), Кнауб, Валиуллин, Абдуманапулы, Рашит, Нулет, Көлбаев, Бахтияров, Досов, Жұма, Қайырбай, Төреғазин, Кенжеғали.

04.04.2024. Тараз. «Тараз Арена». Көрермендерсіз.

Дуглас Жуниор, Біржан Оразов және Дәурен Тұрсағұлов жарақаттарына байланысты бұл ойынға қатыспады.