Футзалдан Қазақстан құрамасының ӘЧ қарсаңында өткізетін ОЖЖ қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды

Пауло Рикардо Кака Алматы мен Астана қаласында өтеді деп жоспарланған ОЖЖ қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. 

ОЖЖ 21 футболшы шақырту алды. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Қақпашылар:

Игита, Нарун Серіков, Қанат Жеткірбаев, Ерасыл Шарападинов

Алаңдағы ойыншылар:

Дуглас, Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Лео, Арнольд Кнауб, Абдурасул Абдуманапов, Жахангир Рашит, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Азат Валиуллин, Қайрат Иманалин, Нұрқанат Бақтияров, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Семен Тарасенко, Төрехан Досов, Дамир Қайырбай.

Дайындықтың бірінші кезеңі 5-18 тамыз күні Алматыда бастау алады. Артынша 5 қыркүйекке дейін ел құрамасы Астанада дайындығын пысықтайды. 6-10 қыркүйек күні Кака шәкірттері қайтадан Алматыда шеберлігін шыңдап, Өзбекстанға жол жүреді. 

Футзалдан Ташкенттегі ӘЧ 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.