Футзалдан Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанды Әлем чемпионатында топ жарады деп топшылап отыр

Өзбекстан құрамасының бапкері Хосе Венансио Лопес Қазақстанды Әлем чемпионатындағы фавориттер тізіміне қосты.

“Біздің топтағы қарсыластарымыз бір деңгейде деп айтсам болады. Мәселен, Нидерланды құрамасының жекелей шебер ойыншылары бар. Парагвай құрамасының көп бөлігі Испания мен Италия чемпионаттарында бақ сынасады. Ал Коста-Рика болса, құрамын жаңартты. Олар жастарға сенім артуда.

Бастапқы сәтте біз плей-офф кезеңіне жолдама алуды көздеп отырмыз. Біз алдыңғы әлем чемпионатында көрсеткен нәтижемізді жақсартқымыз келеді. Бірақ бұл әңгімені біз топтан шыққаннан кейін айтамыз.

Мен ойымша, мундиаль фавориттері ретінде Бразилия, Испания, Иран, Португалия, Аргентина және Қазақстан құрамалары саналады. Аталған құрамалардың қайсысына қарсылас атанатынымыз қызық”.

Айта кетейік, футзалдан оныншы әлем чемпионаты Өзбекстан шаһарында 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.