Жарнама
Жарнама

Футзалдан Португалия құрамасы әлем чемпионы атанды

04.10.2021, 15:30
Соңғы әлем чемпиондары бұл жолы Португалияны жеңе алмады.
Жарнама
Жарнама

Бүгін футзалдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аргентина мен Португалия құрамалары тартысты ойын өткізді. Бірінші кезенде Португалия құрамасы есепте алға шықты.

Екінші кезеңнің 28-минутында Пани екінші голдың авторы атанса, көп ұзамай аргентиналық Анхель Клаудино есеп айырмасын қысқартты.

Кездесу барысында Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде биылғы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ал 3-орын үшін болған кездесуде Қазақстан Бразилияға 2:4 есебімен жол беріп, төртінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетсек, бұған дейін Бразилия 5 (1989, 1992, 1996, 2008, 2012) мәрте чемпион атанды. Ал Испания 2 (2000, 2004) мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, Аргентина 1 (2016) мәрте алтыннан алқа тақты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров