Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

10.08.2021, 15:13
Алматыдағы жиын 15 тамызға дейін созылады.
Жарнама
Жарнама

Бүгін Алматыда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі басталды. Алғашқы жиын 15 тамызға дейін созылады.

Бас бапкер Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды.

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Атырау»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Ухта», Ресей), Арнольд Кнауб, Нұрбек Қарағұлов (екеуі де - «Ақтөбе»), Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев (екеуі де - «Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»), Ақеділ Мадияров («Липецк», Ресей);

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров