Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі рет ойнайды

19.11.2021, 01:05
Қос ойын да желтоқсанның ортасында өтеді.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі рет ойнайды. Екі елдің футбол федерацияларының келісімімен жолдастық матч ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді.

Қос кездесуде Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Қазақстан құрамасы 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерланд елінде өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Біздің құраманың В тобындағы қарсыластары - Словения, Италия және Финляндия.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров