Футзалдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Косенко келесі жылы Қазақстанмен жоспарланған жолдастық кездесулер туралы айтты, деп хабарлайды Украина футзал федерациясы.
«18-19 желтоқсанда Бакуде Әзірбайжанмен кездесеміз. Сондай-ақ қаңтар айында Еуропа чемпионаты қарсаңында Қазақстанмен екі қосымша кездесу өткіземіз. Украинаның футзал қауымдастығы жоғары сапалы қарсыластармен жолдастық матчтар өткізуге келісті. Енді бәрі өзімізге байланысты. Біз дайындалып, жақсы ойын көрсетуіміз керек», - деді Украина құрамасының бас бапкері.
Еске салайық, 14 және 15 желтоқсанда Қазақстан құрамасы да Өзбекстанмен жолдастық кездесулер өткізеді. Екі ойын да Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Біздің серіктес: FONBET