Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасының Әзербайжанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

12.09.2022, 18:14
Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Рикардо Кака Әзербайжанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 12 қыркүйек күні басталады. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Қос ойынды да «Халық Арена» спорт кешені қабылдайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы: 

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жаһангер Рашит (барлығы – «Каспий»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Евгений Кошкин («Астана»); 

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Серік Үнбаев – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

Ойын кестесі:

19 қыркүйек 2022 жыл

Қазақстан – Әзербайжан

20 қыркүйек 2022 жыл

Қазақстан – Әзербайжан

Ойынның басталу уақыты кейін белгілі болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров