Жарнама
Жарнама

Г. Бабаян:"Ертеңгі ойынның маңызын жігіттерім айтпай-ақ түсінеді"

29.11.2018, 01:18
Жарнама
Жарнама
 «Астана» футбол клубы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян ертеңгі ойын алдында журналистерге арнап дәстүрлі баспасөз жиынын өткізді. -Ертең «Динамоға» қарсы ойын біз үшін де, қарсылас ұшін де қиын болмақ. Себебі, осы ойында топтағы барлық жағдай айқындалады. Біз секілді қарсылас команданың да жеңіске жеткісі келетіні анық. - Сіз "Яблонецпен" болған ойыннан кейін ойыншылардың бабын жоғалтпау үшін жолдастық кездесу өткіземіз деген болатынсыз. Алайда, ешқандай жолдастық ойын өткізбедіңіздер. Бұған не кедергі болды? - Иә, бұл мәселелге мен де алаңдаулымын. Ел біріншілігінің аяқталуы да бізге қол болмай тұр. Сондықтан, ертеңгі ойынның барлық бөлігін футболшыларым жоғарығы қарқында өткізе алмай ма деп қауіптеніп отырмын. Бізге аз уақыттың арасында қарсылас табудың сәті түскен жоқ.  Бұған қарамастан біз өзіміздің екінші құрамадағы ойыншылармен бірнеше матч өткізіп үлгердік. Яғни, ойыншыларым ойын тәжірибесінен қол үзіп қалды дегенмен келіспеймін.  -Ертең жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдиновтың алаңға шығу мүмкіндігі қаншалықты жоғары? - Алаңға кімдердің шығатынын ертең шешетін боламыз. Бүгін жаттығу жұмыстарында барлық ойыншылардың жағдайын байқап көреміз. Қазір Бақтияр жарақаттан аман. Бәрі ойын барысына байланысты. - «Динамо» Украина біріншілігінде соңғы ойындарда сүреңсіз ойнап жүр. Бұл фактор ертең бізге оң септігін тигізуі мүмкін бе? - Мен сүреңсіз деп айта алмаймын. Керісінше, барлық ойыншылары бабында секілді. Мысалы, «Александриямен» болған ойында 2-1 есебімен жеңілгенімен, өте жақсы ойын көрсетті.    Қайткенмен ертең шешуші ойын ғой. Оның үстіне бұл еуро бәсеке. Бұл жерде барлық ұжым өзінің ең жақсы ойынын көрсеткісі келеді.                                                                                                                 Шамкен БАЙЫРБЕК.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров