Жарнама
Жарнама

Габи Кики “Ақтөбеден” кететін болды

30 жастағы камерундық жақын аралықта ресейлік “Крылья Советов” ойыншысы атанады.

Жарнама
Жарнама

Габи осы аптаның сәрсенбі күні Самараға барып, медициналық тексерістен өтеді. Егерде барлығы дұрыс болып жатса, онда ойыншы жаңа командасымен 2 маусымдық келісім шартқа отырады. 

“Крылья” командасы құрамға еркін агент болып қосылатын Кикиге 10 млн теңге жалақы төлемек ниетте екен.

Еске салайық, 17 шілде күні “Ақтөбе” Еуропа Лигасы аясында польшалық “Легияны” өз алаңында қонақ қылады. Бұл ұжымдар осыған дейін бір кездесу өткізіп үлгерген болатын (1:0). Аталған ойында Габи Кики бастапқы құрамда шығып, толық 90 минут өнер көрсетті. 

Команданың негізгі ойыншысы саналатын Кики Самараға кететін болса, онда қарымта матчта “Ақтөбеге” көмектесе алмайды. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: