Жарнама
Жарнама

Габон құрамасының көшбасшысы ҚПЛ-дің топ-клубына келуі мүмкін

29.05.2025, 12:42

Габон ұлттық құрамасы мен сербиялық «Црвена Звезда» клубының жартылай қорғаушысы Гелор Канга «Астанаға» ауысуы ықтимал.

Гелор Канга
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы сербиялық БАҚ өкілдері мәлімдеген болатын.    

34 жасар футболшы Сербия Супер лигасының 24/25-маусымында 7 гол салып, 1 ассисттің авторы атанды. Гелор Канга мен «Црвена Звезда» келісімшарты келесі айдың аяғына дейін жарамды. Сербия біріншілігінен басқа чехияның «Спарта» Прага, ресейлік «Ростов», габондық «Мангана» клубында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Габон құрамасының сапында 70 матчта доп теуіп, 3 голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 600 мың еуро.

«Астана» ҚПЛ-дің 10 турынан кейін 24 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан. Елордалық клуб ертең сырт алаңда «Елімаймен» жолығады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров