“Марсель” командасының ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг Еуропа Лигасы/УЕФА Кубогы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп жазады Аладоп.кз.
Габондық шабуылшы “Вильярреалға” қарсы ойында қос голды атына жазды.
Осының арқасында Обамеянг Еуропа Лигасы/УЕФА Кубогы тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі Хенрик Ларссонды екі голға басып озды (31).
“Марсельден” басқа шабуылшы Еуропа Лигасында каталондық “Барселона”, лондондық “Арсенал” мен дортмундтық “Боруссия” сапында жүріп гол соқты.