Жарнама
Жарнама

Габриэль Жезус «Арсенал» ойыншысы атанды

04.07.2022, 21:24
Шабуылшы бос тұрған тоғызыншы нөмірді иеленді.
Жарнама
Жарнама

«Арсенал» ресми түрде «Манчестер Ситиден» бразилиялық шабуылшы Габриэль Жезусты сатып алғанын хабарлады.

Футболлының трансферлік құны 45 миллион фунт стерлингті құрады. Жезус клубтан еркін агент ретінде кеткен француз шабуылшысы Александр Лаказеттке тиесілі тоғызыншы нөмірді иеленді.

«Мен қатты толқып тұрмын. Клуб осындай дәрежедегі ойыншыны алу үшін үлкен жұмыс атқарды. Мен Габриэль Жезусты өте жақсы білемін және бәріміз оның Премьер-лигада қалай ойнағанын көрдік. Орталық шабуылшы позициясы ұзақ уақыт бойы біздің назарымызда болды. Біз бәрі қалаған ойыншыны қатарға қостық, сондықтан мен өте қуаныштымын », - деді Артета.

Габриэльдің «Манчестер Ситимен» келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды еді. Англия чемпиондарының құрамында бразилиялық шабуылшы бес жарым жылын өткізді.

Жезус бұған дейін «Манчестер Ситиде» Хосеп Гвардиоланың көмекшісі болған «Арсеналдың» қазіргі бапкері Микель Артетамен бірге жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров