Жарнама
Жарнама

Габриэл Жезус «Арсеналға» ауысады

25.06.2022, 20:17
«Қалалықтар» одан түскен ақшаға жартылай қорғаушы сатып алды.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Габриэл Жезус «Арсеналға» ауысуға жақын. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің келтірген мәліметіне сүйенсек, клубтар бразилиялықтың трансфері бойынша ауызша келісімге келген. «Зеңбірекшілер» Жезус үшін 52 миллион еуро төлейді. Қазір «Арсенал» келісім-шарт мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Ал «Манчестер Сити» дәл осы ақшаның бір тиынын құртпай, «Лидс Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Калвин Филлипсті сатып алады.

Жезус өткен маусымда 41 ойында 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Оның «Манчестер Ситимен» келісім-шарты келесі маусымның соңында аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров