Жарнама
Жарнама

Гадрани осы маусымдағы алғашқы кездесуін өткізді

“Қайраттың” гүржі футболшысы 10 айдан кейін алаңға қайта оралды.

Жарнама
Жарнама

Кеше қорғаушы “Қайраттың” “Қайсарға” қарсы кездесуінде бір тайм ойнап берді (1:1).

28 жастағы Лука осы маусымдағы алғашқы ойынынан кейін жанкүйерлерге үңдеу жолдады:

“Құдайға шүкір! 10 айдан кейін алаңға қайта оралдым. Маған осындай қиын кезде қолдау көрсеткен барша жанкүйерге мың алғыс! Бар жақсылық алда деп сенемін!”, - деп жазды Гадрани өзінің инстаграмдағы парақшасына. 

Еске салайық, қорғаушы Лука осы жылдың қаңтар айында сирақ-асық буынының жарақатын алып, ұзақ мерзімге дейін қатардан шығып қалған болатын. 

Айта кетейік, Алматылық команда келесі кездесуін Чемпиондар Лигасының аясында КуПС қарсы өткізеді.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: