Жарнама
Жарнама

Гафуржан Сүйімбаевтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

15.12.2021, 04:05
Футболшының «Қайратпен» келісім-шарты аяқталды.
Жарнама
Жарнама

Sports.ru Қазақстан порталына белгілі болғандай, «Қайраттың» капитаны Гафуржан Сүйімбаев «Ақсу» клубымен келісім-шартқа отыруы мүмкін.

31 жастағы қорғаушы «Қайраттағы» өзгерістерге байланысты командадан кету туралы шешім қабылдады. Сүйімбаев тізесіндегі жарақатына байланысты маусымның екінші жартысында алаңға шықпаған болатын, сондықтан ол Құрбан Бердыев жобасының маңызды бөлігі бола алмады және оған әлі жаңа келісім-шарт ұсынылмады. Сонымен қатар келесі жылдан бастап «Қайраттағы» ойыншылардың жалақысы айтарлықтай төмендейді деп күтілуде.

«Ақсу» клубы тәжірибелі ойыншыға лайықты ұсыныс жасады. Гафуржан 8 жыл бұрын Павлодарда ойнаған және қаланы жақсы біледі. Сондықтан оған бұл нұсқа қызық болып көрінді.

Павлодарлық клуб қазір Альберт Риерамен келіссөздер жүргізуде. Испаниялық маман «Ақсумен» әлі келісім-шартқа отырған жоқ, бірақ Гафуржан секілді тәжірибе қорғаушы командаға үлкен көмек болады деп есептейді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров