Ғаламат камбэк! «Аталанта» «Лационы» орнына қойды

25.06.2020, 09:10
Мұндай матчты көрмегелі қай заман?! 0-2 жеңіліп тұрып, 3 гол салды.

Биыл клубтың 120 жылдық тарихына орай чемпион боламыз деп мақсат қойған "Лацио" "Аталантаны" жеңеміз деп келді. Симоне Индзагги шәкірттері қатарынан 2 гол салып алға шықты. Бұл ойынның небәрі 11 минуты еді. Бірақ, бұл ойынға дисквалификация үшін қатыса алмаған Джанпьеро Гасперини шәкірттері бакері үшін тайталасты. Госенс бір гол, артынша Руслан Малиновский есепті теңеді. Сосын, ол аздай Матео Поламино таблодағы көрсеткішті 3-2 қылды. Италия футболы емес, жалпы Еуропа футболы соңғы кездері мұндай матчтарды ұмыта бастап еді. Мынау ғаламат камбэк болды. "Лацио" енді Роналдудың "Ювесінен" 4 ұпайға қалып кетті.