Жарнама
Жарнама

“Галатасарай” командасы мерейтойлы жеңісіне қол жеткізді

Окан Бурук командасы бүгін “Гезтепе” ұжымынан 3:1 есебімен басым түсті.

Жарнама
Жарнама

Стойловтың командасы алтыншы минутта Бекироглудың көмегімен жылдам гол соғып, есепті алғашқы болып ашқанымен, "Галатасай" деңгейінің арқасында қарсыластан айласын асырды. Матч барысында Стамбұл клубы сапынан Виктор Осимхен, Габриэл Сара мен Мауро Икарди гол авторлары атанды.

Кезекті үш ұпайды олжалаған Окан Бурук шәкірттері ерекше нәтижені тіркеді. “Галатасарай” өз тарихында түрік Суперлигасында 100 кездесуде жеңіске жетті.

Арыстандар командасы қазірде ішкі чемпионатта 10-тур қорытындысы бойынша 28 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке дара көш бастап тұр. Ал “Гезтепе” болса, 5 сатыдағы орнында қала берді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: