Қазақстан құрамасы мен словакиялық «Кошице» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-де қандай клубты таңдауы мүмкін екенін айтты. «Қайраттың» түлегі сондай-ақ танымал спорт журналисі, комментатор Ербол Қайыровпен болған сұқбатта өзінің болашағына байланысты жоспарымен де бөліскен болатын.
«Қазір Қазақстанға қайту ойымда жоқ. Егер болашақта қайтып жатсам, бірінші кезекте «Ақтөбені», кейін «Астананы» таңдаймын. Неліктен «Ақтөбені» бірінші орынға қойдым? Тамаша жанкүйерлері бар. Максим Самородов, Рамазан Оразовқа қандай керемет қолдау көрсетілді. Ақтөбе - нағыз футбол қаласы. Егер өзіңді жақсы көрсетсең, тамаша қолдауға ие боласың. Қазақстандық клубтар маған ұсыныс жасады дегенді естімедім. Қазір мен елге қайтпай, өзімді Еуропада сынағым келеді. Қазақстанға болашақта да қайтып үлгеремін», - деді Ғ. Кенжебек.
Ғалымжан Кенжебек «Кошице» жейдесін жыл басында киген. Содан бері Словакия чемпионатының 24/25-жылғы маусымында 3 кездесуге қатысып, 1 ассисттің авторы атанды. Футболшы мен клубтың келісімшарты 2027-жылдың маусымына дейін жарамды. «Кошицеге» дейін кипрдің «Акритас» Хлоракас, «Қайрат», «Жеңіс», «Мақтаарал» сынды клубтардың намысын қорғады. Ғалымжанның нарықтық бағасы 225 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET