Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Аустрияға қарсы ойындағы дебюті жайлы айтты.
«Қалай дегенмен бұл менің дебютім. Арманым... Меніңше, алғашқы кездесуінде барлық футболшының бойында қобалжу болады, бірақ жасы үлкен командаластарым қолдап жіберді. Барлығына рахмет! Солар мен бапкерлік құрамның арқасында арманымды іске асырдым. Бұйырса, әр ойындағы мақсатымыздай келесі кездесуде гол салып, ұтуға тырысамыз. Біздің мақсаттарымыз тек қана осындай», - деді жас футболшы.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек кеше ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчына қатысты. Жартылай қорғаушы ойынның 68-минутында Максим Самородовты алмастырған болатын. Футболшы кипрдің екінші дивизионында ойнайтын «Акритас» командасының намысын қорғайды.
Біздің серіктес: FONBET