Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатына ауысады

22 жастағы "Елімай" ойыншысы мансабын "Акронда" жалғастыратын болады. 

Жарнама
Жарнама

Ел құрамасының қаптал вингерінің Семей ұжымындағы келісім шарты қазан айында аяқталады. Сол сәтте ол еркін агент ретінде "Акрон" командасына ауыса алады.

Осы маусымда Ғалымжан ішкі чемпионатта 7 матч өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді. 

Кенжебек бара жатқан “Акрон” ұжымы Ресейдің ең жас ұжымдарының бірі. Тольяттиде 2018 жылы құрылған команда 2023/24 жылы Бірінші Лигада қол жүлдеге қол жеткізді. Содан бері “Акрон” Премьер-лигада өнер көрсетіп келеді. 

Қазірде Заур Тедеев жаттықтыратын команда ішкі чемпионаттың 7-турында 6 ұпай жинап, турнир кестесінде 13 орында келеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Ғалымжан Кенжебектің шотландиялық “Харстқа” ауысу мүмкіндігі жайында ақпарат берген болатынбыз. Эдинбург ұжымы қыркүйек айындағы құрама ойындарына шақырту алған Кенжебек өнерін тамашалау үшін арнайы скауттерін де жіберген еді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: