Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Уэльспен өткен ойындағы ерте ауысымнан кейін жанкүйерлерден көп қолдау алғанын айтты.
"Матчтан кейін қолдау сөздерін оқып, қатты қуандым. Бұл маған өсуге мүмкіндік береді. Сенімді ақтап, әрдайым жанкүйерлер сенімін ақтауға тырысамын. Ең алдымен Аллаға шүкіршілік етемін, одан кейін бапкеріміз Әли Ханалиевичке алғыс айтамын. Өйткені ойыншыларды қашан алмастыру керегін ол бәрімізден жақсы біледі. Наурыздан бері ойынды салыстырып қарасаңыздар, құраманың ілгерілеуі бар. Бапкердің өз көзқарасы бар, мен оны толық қолдаймын.” – деді Кенжебек.
Алдағы Бельгияға қарсы ойынды бағамдаған жас шабуылшы команда дайын екенін де атап өтті:
"Соңғы екі күнде толық қалпына келдік. Бүгін ойын алдындағы дайындық жаттығуын өткіземіз. Нақты қаншалықты дайын екенімізді алаңда көреміз. Қарсылас кім болса да, біз әрдайым жеңіске ұмтыламыз және бар күшімізді саламыз.” – деді футболшы.
Біздің серіктес: FONBET