Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебекті «Ахматтан» тартып алуы мүмкін? Футболшының агенті тың мәлімет айтты

Бүгін, 13:23

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің агенті Мамука Ломидзе футболшының «Ахматқа» ауысуы жайлы пікірін айтты.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Отандасымыз жаңа жылдан кейін тиісті рәсімнің барлығын өткізіп, ресми түрде жаңа командасына қосылады деп күтілуде. Айта кетейік, 23 жастағы футболшы грозныйлық клубпен 4 жылға келісімшартқа отырмақ.

«Соңғы айда Ғалымжанды өзінде көргісі келген клубтар өте көп болды. Түрлі командалардан қызықты ұсыныстар түскен. Ғалымжанға деген нақты қызығушылық қазірдің өзінде де бар. «Ахмат»? Дәл қазір мұны талқылағым келмейтін еді. Бұл сұрақ бойынша қазір бірдеңе деу әлі өте ерте деп есептеймін», - деді Мамука Ломидзе «Amanvibe.kz» арнасына берген сұқбатында.

Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-2025-те «Елімай» жейдесінде 11 матчта 6 гол мен төрт ассисттің авторы атанды. «Қайрат» түлегі – одан бөлек «Жеңіс», «Елімай», «Кошице» (Словакия) сынды клубтарда доп тепкен. Футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров