Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебектің «Ахматтағы» айлығы белгілі болды

Бүгін, 15:42

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахмат» жейдесін киген жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебектің жаңа клубтағы жалақысы белгілі болды.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

22 жастағы футболшының жаңа ұжымдағы еңбекақысы бұрынғы келісімшартындағы сомадан 5 есе артық болады деп жазылып жүр. Ал Ғалымжан Кенжебек осыған дейін «Елімай» намысын қорғады. Онда, клубтағы дереккөздің сендіруінше, футболшының айлық ақысы шамамен 2-3 миллион теңгенің аралығында болған. Осыдан келе, қазақстандық футболшының Грозныйдағы табысын 10-15 миллион теңге аралығында деп болжауға болады. Әрине, қолымызда нақты келісімшартта көрсетілген цифрлар жоқ, дегенмен осы соманың айналасында болып қалуы ықтимал.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек «Ахматпен» 4 жылдық келісімшартқа отырады деп күтілуде. Отандасымыз жаңа жылдан кейін тиісті рәсімнің барлығын өткізіп, ресми түрде жаңа командасына қосылмақ. Ғалымжан Кенжебек «Қайрат» түлегі – одан бөлек «Жеңіс», «Елімай», «Кошице» (Словакия) сынды клубтарда доп тепкен. Футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров