Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебектің таңдауы қате ме? Сарапшылар жартылай қорғаушының трансферіндегі басты минусты атады

Бүгін, 18:21

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына Ғалымжан Кенжебектің трансфері турасындағы пікірін айтты.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Футбол функционерінің пікірінше, жартылай қорғаушының РПЛ-ді таңдауына түрткі болған бірнеше фактор бар.

«Өз күшіне сенетін болуы керек. Сол үшін халықаралық тәжірибе алуға бел буып отыр. «Ахматтың» селекциялық бөлімі «Елімайда», Қазақстан құрамасының сапындағы ойынын көріп, ұсыныс жасап отырған сыңайлы. Бұл жерде футболшының агенті де ерекше маңызға ие болғанын айтуымыз керек. Кипр, Словакиядан кейін, Ғалымжанның деңгейінің өскенінен кейін осындай жақсы келісімшартқа қол жеткізді. Қарамағындағы футболшыға жақсы жағдай жасады, өзін де ұмытқан жоқ әрине, агенттік қызметіне пайызын алады. Футболшының мансабы қысқа, оның үстіне Ғалымжан жақында үйленді. Мұның барлығы әсер етеді. Бұл жерде басым болған сол агенттік жұмысы мен чемпионат деңгейі. РПЛ клубтары мейлі Еурокубоктерде ойнамаса да, Қазақстаннан әлдеқайда мықты. Ресейде біздікілер легионер саналмайды, сосын әрине, тілдік кедергі жоқ. Бәрі орысша сөйлейді ол жақта. Кім біледі, мүмкін құрамадағы әріптесі Самородовтың ықпалы болған шығар. Мұндағы басты минусы – Еурокубоктер жоқ, демек ойыншы ретінде өсу жағынан кемшін түсуі мүмкін. Бірақ, өзге елде оңай болмайтын еді, өз басымнан білемін, тілдік кедергі өте қиын. Еуропада менталитет те басқа. Ғалымжанның Еуропаға кетпеуіне осыған дейін Айымбетов, Зайнутдиновтардың шетелде дұрыс ойын көрсете алмауы да әсер еткен шығар. Ол жақта түсінікті бәсекелестік сұмдық, төтеп беруің керек. Меніңше, сол агенті екеуі ақылдасып шешкен секілді. Не дегенмен Ресейде қазір жақсы ақша төлейді», - деді Б. Есмағамбетов.  

Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-2025-те «Елімай» жейдесінде 11 матчта 6 гол мен төрт ассисттің авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров