Жарнама
Жарнама

Ғани Қайназаров - QFL вице-президенті атанды

Қазақстан Футбол Лигасының вице-президенті қызметіне 54 жастағы Ғани Қайназаров тағайындалды.

Жарнама
Жарнама

Қайназаровтың QFL қызметі ішкі чемпионат пен түрлі турнирлердің барлығының ұйымдастырылуын қадағалау болып табылады. Онымен қоса, маман лигаларда бағын сынап жатқан командалардың арнайы регламентке бағынып, құжаттарында ешқандай олқылық орнамауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл QFL қызметіндегі ашықтық қағидатын қалыптастырады.

Айта кетейік, Ғани Қайназаров футбол әлемінде тәжірибесі мол маман. Ол өз заманында “Тараз”, “Қайрат” және “СКИФ” командаларында өнер көрсетті. 1996 жылы 54 жастағы экс-футболшы тарихы терең қаланың ұжымымен бірге ел чемпиондығын тойлаған. Аяқдопшы мансабын аяқтағаннан кейін Қайназаров қол қусырып отырмады. Ол “Тараз” және “Астана” клубтарында басшылық қызмет жасады. Одан тағысы, ҚФФ құрылымында өз қызметін атқарып кетті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: