Футболдағы ең табысты жұлдыздардың бірі болғанына қарамастан, "Реал Мадрид" пен "Тоттенхэмнің" бұрыңғы ойыншысы Гарет Бэйл қаржылық болашағына алаңдайтынын жасырмады. Ол миллиондаған еуро инвестиция салғанына қарамастан, көптеген футболшылар зейнетке шыққан соң күйзеліске түсіп, тіпті тақырға отыратынын жақсы түсінеді.
36 жастағы Уэльс футболшысы Front Office Sports басылымына берген сұхбатында өзінің басты қорқынышы туралы ашық айтты:
"Футболдан кеткен соң бәрі ақырындап өзгереді. Көптеген спортшылар ақшаны басқара алмай, байлығын жоғалтады. Олар бұрынғыдай сән-салтанатта өмір сүргісі келеді, бірақ табыс тоқтаған соң бәрі құлайды. Мен ондай өмірден әрқашан қаштым." – дейді Бэйл.
Бұрын әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы болған Бэйл 2016 жылы "Реал Мадридпен" 150 миллион фунттық алты жылдық келісімшартқа отырған еді. Қазір оның байлығы шамамен 150 миллион еуро деп бағаланады. Алайда ол өз жағдайына сеніп отыра беруді қауіпті деп санайды.
"Мен әрқашан футболдан кейінгі өмір туралы ойладым. Бір күні жалақы тоқтайды, сол кезде өз өміріңді қайта құру қажет. Сол сәтке дайын болу – ең маңыздысы." – дейді ол.
Гарет Бэйл бұл қорқынышпен күресудің өзіндік тәсілін тапқанын айтты:
"Мен ешқашан барлық ақшамды бір бағытқа салған емеспін. Әртараптандыру – менің басты қағидам. Егер бір бағыт сәтсіз болса, қалғандары тіреп тұрады. Сонда ғана бәрі күйремейді." – деп түсіндірді ол.
Біздің серіктес: FONBET