Жарнама
Жарнама

Гарет Бэйл мансабын аяқтауы мүмкін

26.03.2022, 16:40
Уэльс әлем чемпионатына шыға алмаса, Бэйл мансабын аяқтамақ.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Гарет Бэйл жақын арада мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Cope порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, егер оның ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына шыға алмаса, уэльстік футболшы мансабын аяқтауға дайын. Кеше Уэльс әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жартылай финалында Австрияны жеңген болатын. Матч барысында Гарет Бэйл дубль жасады.

Финалда Уэльс құрамасы Украина-Шотландия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Бэйлді «Реал Мадрид» клубының бас бапкері Карло Анчелотти де керек қылмауда. Уэльстік шабуылшы биылға маусымда мадридтік команда үшін небәрі бес матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров