Уэльс құрамасы мен «Реалдың» бұрынғы футболшысы Гарет Бэйл естеліктерімен бөлісті.
«Шынымды айтсам, өзімнің бұрын салған голдарымды қарамайды екенмін. Тіпті, сүйікті голым - «Ливерпульдің» қақпасына белесебет теуіп салатын голымның өзін де көптен бері қайталап қарамаппын. Ұлым біраздан бері футболмен әуестеніп жүр. Алайда, менің өз кезінде мықты футболшы болғаныма сенбейді», - деді Г. Бэйл.
Гарет Бэйл Мадридтік «Реал» сапында Чемпиондар Лигасының бес дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, испаниялық топ-командамен клубтар арасындағы Әлем біріншілігінде төрт мәрте топ жарды. Гарет Бэйл мансабын 2023-жылы аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET