Алехандро Гарначо лондондық «Челси» клубымен жеке келісімшарттың шарттарын толық келісіп қойды. Бұл туралы беделді инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
21 жастағы аргентиналық вингер басқа ұсыныстарды мүлде қарастырмаған. Оның басты таңдауы – «Челси». Енді жақын күндері «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» арасында трансфер құны бойынша келіссөздер басталады деп күтілуде.
Гарначо өткен маусымда «Юнайтед» сапында барлығы 58 матч өткізіп, 11 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Ол маусым бойы негізгі құрамда тұрақты ойнап, өз әлеуетін дәлелдей білді.
Егер трансфер жүзеге асса, бұл «Челси» үшін жазғы трансферлік терезедегі ірі жетістіктердің бірі болмақ.
Біздің серіктес: FONBET