0:2 ұтылып жатқан "Аталанта" "Лационы" 3:2 қылып жеңді. Бұл матчты трибунадан қарауға мәжбүр болған Джанпьеро Гасперини командасының ойынына баға берді.
- "Аталантаға" бапкердің керегі жоқ секілді. 2 доп айырмасымен жеңіліп тұрған команда "Лацио" секілді қарсыласты 3:2 қылып жеңуі көп жайттан сыр шертеді. Олар бапкердің нұсқауынсыз-ақ алаңда не істеу қажет екенін анық ұқты. Сабырлылық сақтап, сенімді қимылдады. Жау ғана бір ымдасаңыз жеткілікті. Қалғанын өздері тындырады. Мұндайға көп команданың шамасы жетпейді" - дейді Гасперини "Футбол Италия" басылымына берген сұқбатында.
Біздің серіктес: FONBET