Жарнама
Жарнама

Гави Испания құрамасының рекордын жаңартты

06.06.2022, 14:37
Жас футболшы Чехиямен болған ойында дебюттік голын соқты.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 5 маусымда Ұлттар лигасының екінші туры аясында Чехия құрамасы өз алаңында Испанияны қабылдады. Кездесу Прагадағы «Синобо (Эден Арена)» стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның төртінші минутында Ян Кухтаның пасын тиімді пайдаланған Чехия құрамасының жартылай қорғаушысы Якуб Пешек есеп ашты. 45-минутта Гави таразы басын теңестірді. Бірақ 66-минутта Кухта командасын алға шығарды. Ал 90-минутта қорғаушы Иниго Мартинес мергендік танытып, «қызыл фурияға» бір ұпай сыйлады.

Бір қызығы, Гави Испания құрамасының тарихында гол соққан ең жас футболшы атанды (17 жас 304 күн). Жартылай қорғаушы 2020 жылдың қыркүйегінде Украина құрамасына гол соққан Ансу Фатидің рекордын жаңартты (17 жас 311 күн).

Чехия құрамасы төрт ұпай жинап, өз тобында екінші орында тұр. Испания (2 ұпай) үшінші орынға табан тіреді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров