Жарнама
Жарнама

Газза

12.09.2014, 00:29
Жарнама
Жарнама
загруженноеӘлем футболында аты аңызға айналған футболшылар жеткілікті. Ұзақ тізім жасауға болады. Әрі футболшы ретінде де және футболдан тыс өмірде де ерекшеленген футболшылар болса некен-саяқ. Бұл жолғы әңгімені мен атақты ағылшындық футболшы Пол Гаскоинге арнамақпын. Қазіргі футболда ондай көңілді футболшылар өте көп. Бір Балотеллидің өзі біршамаға аты мәшһүр. Оның қонақүйдің қылтимасында тұрып темекі шегіп, поезда жас футболшыларды қуалап ұрғанын елдің барлығы біледі. Ал сәл ертеректегі футболшылардың шылымнан бөлек тағы бір жағымсыз қылықтары болған. Ол әрине де спирттік ішімдіктер. Ағылшынның вискиін өте керемет ішетін Пол Гаскоинді осы тізімнің ең бас жағына қоямыз. Себебі, бұл футболшы туралы көптеген журналисттер де жазушылар да кітап жазған, деректі фильмдер түсірілген. Ол сол футбол ойнап жүрген кезінің өзінде де осындай қылықтарымен жиі ұсталған. Спорттық ғұмырын Ньюкаслда бастап, түбі «Мидлсборо» командасына ауысады. Бұл Гаскоинның спорттық бабының төмендей бастаған кезі еді. Сол кездер туралы оның жақын досының жазған естелігінде мынандай жолдар бар. «Ойын басталатын күні ол азанымен ерте тұрып, виски ішуді бастады. Одан кейін киімін жинап футболға кетті. Бапкерлерге мас екендігін білдіртпей, алаңға шықты. Ол сол матчта «Тоттенхэм» қақпасына екі гол соғып, түгел ойынды өзі жүргізді. Матчтан шығып, әдеткі жағдаймен вискиге қайтадан отырды. Ішімдік ол үшін футболмен астасып жататын. Ертесіне азанда бас ауырып оянған ол менен сұрады, кеше кіммен ойнадық, есеп қандай? - деп. Мен оған ойынның үздік футболшысы болдың деп жауап қаттым». Міне, осы жағдай Газзаның (лақап аты) мас болып футболды тамаша ойнай алатындығының алғашқы белгісі еді. Ол тіпті, кейде Англия ұлттық құрамасының сапындағы матчтарға да ішіп шығатын. Вискиді кәдімгі су құсатып ішетін. 1988-92 жылдары ол «Тоттенхэмде» ойнады. Бұл кезең футболшының ең жұлдызды сәті болатын. Ағылшын премьер-лигасының бағалы ойыншысына баланып, Ұлттық құрама сапында Әлем чемпионатына қатысты. 1990-жылы Италияда өткен мундиальда көпшіліктің назары Англия құрамасында болды. Бас бапкер Сэр Бобби Робсон, жас шабуылшы гарри Линекер және ортада ойқастайтын Гаскоин бар. Ағылшындар өз тобында Ирландия мен Нидерланды құрамаларымен тең түсті. Одан кейін Египетті жеңіп өз топтарында алғашқы орынды алды. Плэй-офф кезеңінде Бельгияны, одан кейін Камерунды жеңді. Осы матчтардың барлығында Дэвид Платт пен Гари Линекер ғана голдар соғып жүрді. Статистиканы, тарихты қопарсаңыздар осыған көз жеткізесіз. Ал сол матчтарда оларға пас беріп, күллі ойынды ұстаған футболшының кім екенін әрине статистикадан біле алмайсыз. Сол чемпионаттың шыжығы мен қызығы жайлы деректі фильмдерді тамашаласаңыздар Газзаның Италиядағы күндерінің қалай өткенінен хабар аласыз. Қала сыртындағы құраманың базасында ол ойына келгенін жасап, италиялық виноны аямай ішті. 90-жылы күллі Англия жұртшылығы Газзаның аузына қарап тұрды. Оның күнделікті іс-әрекеті баспасөз беттерінде сарнап тұрды. article-2734404-20D0EF7500000578-707_634x363 Десе де, ол өзін футболға толықтай арнады. Алаңдағы оның көрсеткен өнеріне ешкім де теріс баға бере алмады. Бірақ, жартылай финалда олар Германия құрамасына матч соңынан кейінгі пенальти сериясында жеңіліп қалды. Соло жылы үздік жартылай қорғаушы болып Маттеус танылғанымен футбол мамандары бұл пікірге келіспеді. Газзаның ерекше алға ұмтылысы, оның жасыл алаңдағы мінезі, батылдығы көптеген фанаттардың көкейінде қалды. Чемпионат аяқталысымен ол елге оралып, шешесінің, жанұясының қасында болды. Бірақ, көкірегінде бір запыран тұрғандай еді. Оны сыртқа шығарып, тастау үшін, сол сәтсіздіктерді ұмыту үшін ол қайтадан ішімдікке отырды. Лондондық «Тоттэнхемдегі» оның шаруасы қиындай түсті. Тек жеке авторитеттің арқасы мен соңғы Әлем чемпионатында ол Англияның, жалпы ұлттың қаһарманы болғандығы ғана оны команда да ұстап тұрды. Әйтпесе, жергілікті түнгі клубтардағы іс-әрекеттері, мас күйі көлік жүргізіуі, кейбір жаттығуларға келмей қалуы команда басшыларының назарында болатын. Баспасөз беттеріндегі ол туралы өсек-аяң, даулы мақалалар, Газзаның өзі айтқан сыни пікірлер барлығы да оның беделін төмендете берді. Бірақ, сөйте тұра көшеде көрген азаматтар оған көмектесіп, қолдан келген көмектерін аямайтын. 1992-95 жылдары ол «Лацио» командасында ойнады. Италия оған мундиаль кезінде жақсы әсер қалдырған болатын. Әлгіндей шаруаларымен атақты бола бастаған, репутациясы әбден бұзылған футболшыны римдік клуб еш ойланбастан өз командаларына алды. Бара салысымен ол «А» сериясының жұлдызы болды. Әдемі голдар, сұңғыла пастар Газза ойынының бір бөлшегі еді. Бірақ, ұзақ созбай ол тағы да ішімдікке жолады. Жағдай мұнда да қиындай бастады. Түк өнбеген соң ол тағы да клуб ауыстырды. 1995-98 жылдарды Шотландияның «Рейнджерс» командасында өткізді. Ұлыбританияға келгеннен соң ол қайтадан түлеп шыға келді. 74 ойында 30 гол соғып, Шотландия чемпионатындағы басты тұлғаға айналды. Газза Шотландия чемпионатының үздік футболшысы атанған әзірге соңғы ағылшын футболшысы. 1996 жылы ол Еуро кезінде Шотландия қақпасына өте әдемі гол соғады. Сонымен қатар, Газзаның қалжыңбастығы да өз алдына бір бөлек тақырып. Командалас әріптестері жанкүйерлермен суретке түсіп, қолтаңба қалдырып жатқанда ол жүгіріп барып досының шалбарын жерге тартады. Бұл оқиға ұзаққа дейін жанкүйерлер жадынан кетпей жүрді. 1210251-25267934-1600-900   Енді оның осы күнгі жағдайына оралсақ. Атақты футболшы бұл күндері медециналық сауықтыру орталығында жатыр. Оның өмірі қыл үстінде. Ішімдік пен героинның зардабы өз дегенін жасауда. Даңқты футболшы осының алдында ғана құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталып, берер тәуілік темір тордың артында отырып шықты да. gaskoyn4Жасы әлі 50-ге толмаған Полдың қазіргі халі мүшкіл. оның әйел бала-шағасы қазір бөлек тұрады. Соңғы кездерде Газзаның басында болып жатқан жағдайды Ағылшындық баспасөз беттері қайтадан алғашқы бетке шығаруда. Ел футболында ойып тұрып орын алатын футболшыға мемлекеттік тараптан көмек көрсетілуі тиіс деп есептейді көбісі. Қанша жерден Газза виски ішіп, мас болып, ауруханада ешкімге керексіз болғанымен де оның көрсеткен өнері мәңгілікке жанкүйер жадында қалары анық.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров